20.11.2019, 10:18
Оқылды: 17

Бәйтеректе міндетті медициналық сақтандыру жөнінде түсіндірілді

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округінде өткен жиында дәрігер-эпидемиолог, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша спикері және Қайрат Тастаев МӘМС жөнінде кеңінен тоқталып, толық мағлұмат берді.

 baiterek med

- Азаматтардың жеңілдігі бар санатына балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, баланы үш жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлға, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, баланы үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүргендер, мүгедек баланы күткен жұмыс істемейтін азаматтар, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектер, қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде сот үкімімен жазасын өтеп жатқан адамдар, тергеу изоляторында отырған адамдар, жұмыс істемейтін оралмандар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер, орта және техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитындар, жұмыс істемейтін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, - дейді Қайрат Тастаев.

Сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдендірілген пакетіне барлық азаматтар қолжетімді түрде еніп, сақтандырылған азаматтар үшін қандай құжаттар дайындау керектігі жайында да тереңірек баяндап, тыңдаушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Гүлжан Аязбаева

Бәйтерек ауданы

Дариян ауылы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале