20.11.2019, 12:09
Оқылды: 74

Дариянда үш арыстың шығармашылығы насихатталды

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық орталықтандырылған кітапханасында үш арыс С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің 125 жылдық мерейтойларына орай «Алаштың арыстары аңсаған асыл арман» атты шара өтті.

ush arys

Шарада кітапхана қызметкерлері Шолпан Сұлтанғалиева мен Мария Еременко арыстардың өмірлері мен шығармашылығы жайында баяндама жасады. Қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан қарымды қаламгерлердің шығармалары жөнінде бейнекөрсетілім ұсынылды.

Сондай-ақ жиынға қатысқан оқушылар да Б.Майлиннің «Дождливый день», С.Сейфуллиннің «Побег из тюрьмы», І.Жансүгіровтің «Пай-пай, Құлагерім!» өлеңдерінен үзінді оқыды.

Шара соңында кітапханашылар «Үш бәйтерек – үш ғұмыр» тақырыбында инсталляцияға шолу жасады.

Гүлжан Аязбаева

Бәйтерек ауданы

Дариян ауылы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале