Сербия мемлекетінің астанасы Белград қаласында WKC версиясы бойынша өткен каратэден әлем чемпионатына қатысқан жерлестеріміз жүлдемен оралды.
Батысқазақстандық спортшылар мен спортсүйер қауым, ата-аналар жүлдегер өрендерді кеше автобекеттен қарсы алып, оларға гүл сыйлады. Бұл чемпионатқа әлемнің 20 шақты елінен 800-ден астам спортшы қатысқанын айта кетелік. Солардың арасында әлем чемпионатында озық өнер көрсеткен бәйтеректік Әділет Бержанов (Белес мектебі) күміс, Мадияр Жүнісәлі (Қ.Аманжолов атындағы мектеп) қола жүлдегер атанды. Ал тасқалалық Анеля Нұрболат І орынды иеленгенін жазған едік.
«Спорттық каратэ» секциясының жетекшісі, жүлдегер шәкірттердің жаттықтырушысы Фархат Жалмурзиннің еңбегі де айырықша екенін айта кеткен абзал.
Ертай Бимұханов
суреттерді түсірген Сәлім Мәмбетәлиев
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер