26.11.2019, 12:08
Оқылды: 15

«Табысты адам – көп ақша тапқан емес, көп жақсылық жасаған адам»

Елордасы Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясының ұйымдастыруымен жыл сайынғы «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.

Ареке

Сыйлық еліміздің мәдени, спорттық және қоғамдық өміріне белсенді қатысатын мүгедектерге, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға белсенді қатысатын қазақстандықтарға берілетін салтанатты шараға Бәйтерек ауданының тұрғыны, І топ мүгедегі, белгілі қолөнер шебері Арман Айтбаев қатысты.

Сыйлықты лауреаттардың біріне ұсынған «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек соңғы үш жылда Елбасы бастамашылық жасаған «Кедергісіз Келешек» жүйесі аясында 20 мыңнан астам әлеуметтік маңызы бар нысан ел бойынша бейімделіп, 78 түзету қабылданғанын атап өтті.

-Осы жылдың өзінде аталған партия қабылдауына ерекше қажеттілігі бар 2 мыңнан астам азамат өтініш білдірген. Әр төртінші мәселе жергілікті жерде шешілді.

Қазақстан мүгедектер конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова – Мәжілістегі фракция өкілі. Мұндай адамдардың бүгінде депутат ретінде жұмыс істейтіндігі тиісті заңдардың қабылданатындығын көрсетеді. Осы санатындағы азаматтардың мәселелері шешіліп, «Nur Otan» қолдау көрсетеді. Сонымен қатар партияның 13 мың мүшесі ерекше қажеттіліктері бар адамдар, - деді Бауыржан Байбек.

Қазақстан мүгедектер конфедерациясының президенті Жанат Омарбекованың айтуынша, «Жан шуақ» сыйлығы тағайындалған сәттен бастап еліміздің түкпір-түкпірінен келген 60-тан астам қазақстандық лауреат атанған.

- Табысты адам – көп ақша тапқан адам емес, көп жақсылық жасаған адам. Бұл рәсімді Халықаралық мүгедектер күні және шараның бастамашысы Иран Омарбековтің туған күні қарсаңында өткізу жақсы дәстүрге айналды. Бүгінгі біздің заңнамалық жұмысымыз, «Nur Otan» партиясының депутаттары ретінде ешқандай кедергілер жоқ жерде инклюзивті және гүлденген мемлекет болу үшін барлық кедергілерді алып тастау болып табылады. Қоғам ерекше қажеттіліктері бар адамдарды тең жағдайда қабылдайды» - деді ол.

- «Жан шуақ» салтанатты шарасына аудан әкімі Асхат Берлешұлының қолдауымен барып қатысып қайттым.

Біздің елімізде еңбек еткен адамға барлық жағдай жасалынған. Еңбек етсеңіз, болғаны. Тұңғыш Президент күні қарсаңында маған мерекелік көңіл сыйлаған жомарт жандарға алғысым шексіз. Алған әсерім керемет, - дейді жергілікті қолөнер шебері Арман Айтбаев.

Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале