24.12.2019, 12:22
Оқылды: 17

Бәйтерек ауданында биыл 856 жаңа жұмыс орны ашылды

Бәйтерек ауданында экономикалық белсенді халық 31 308 адам. Демек аудан тұрғындарының жалпы санынан 52,2% (60 025 адам).

jumys

Жыл басынан жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 1 838 адам өтініш білдірген.

Жұмыспен қамту органдары арқылы 913 адам жұмысқа орналастырылды. Жыл басында жұмыссыз ретінде есепте – 489 адам тұрды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 384 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 66 адам, ал жастар тәжірибесіне – 65 адам жіберілген.

2019 жылдың 1 желтоқсанына 856 жаңа жұмыс орны ашылған.

Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген мәліметінше, азаматтардың өтініші бойынша 85 отбасыға коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 738,9 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы төленді. 2019 жылдың 11 айында Жеңіс күніне орай 755 адамға 10575,0 мың теңге, Чернобыль АЭС-да апатқа ұшыраған 23 адамға 690,0 мың теңге, ауған соғысына қатысқан 49 адамға 1460,0 мың теңге, Чернобыль АЭС апаты мен ауған соғысында қайтыс болған адамы бар он отбасыға 200,0 мың теңге және 174 мүмкіндігі шектеулі балаға 1740,0 мың теңге төленген.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале