ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті жанындағы облыстық ақпараттық-насихат штабының мүшелері Бәйтерек ауданының Достық ауылы тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге облыстық ақпараттық-насихат штабының мүшесі М.Әнесов қатысып, ауыл тұрғындарын облыстық штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі