11.02.2020, 11:45
Оқылды: 12

Ұлттық халық санағына әр тұрғын жауапты

2020 жылы ұлттық халық санағын үшін мекенжайлар мен көшелерді түгендеу, көше атаулары мен үйлердің нөмірі жазылған тақтайшаларды орнату, елді мекендердің картасын жасауды аяқтау қажет.

sanaq

-Бөкей ордасындағы ауылдық округ әкімдерінің берген мәліметтеріне сәйкес аудан бойынша 2019 жылдың 1 желтоқсанына 121 көше, 3080 үй, 3959 пәтер бар. Бұл мәліметтер әлі де нақтыланады. Халық санағына тек ауыл, аудан әкімдіктері ғана жауапты емес, кез келген тұрғын жауапты. Санақ сауалдарына бүкпесіз жауап берсе, Үкіметтің алдағы бағдарламаларының, ұлт жоспарының құрылуына сауатты негіз қалыптасар еді, - дейді аудандық статистика басқармасының басшысы Тілеген Қадимов.

Санақ екі кезеңде өтеді. Маусым айындағы бірінші кезеңде санақ алушылар барлық тұрғын үйді аралайды. Аралау нәтижесі бойынша есеп учаскелеріне бөледі. Қазан айында басталатын екінші кезеңде веб-сайттар арқылы халықтан интернет-сауалдар алынады. Бұл науқанды аудан азаматтары атқарады. Аудан бойынша санаққа 1 санақ уәкілі, 1 санақ учаскесінің уәкілі, санақтың бірінші кезеңіне 1 нұсқаушы-бақылаушы, 3 санақшы, ал санақтың екінші кезеңіне 3 нұсқаушы-бақылаушы, 22 санақшы жұмысқа алынады деп жоспарланған.

Сайқын ауылдық округнен 6 санақшы, Орда, Бисен ауылдық округтерінен 4 санақшы, қалған округтерде 2 санақшыдан тартылмақ.

Раушан Жанат

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале