Бөкей ордасы ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Оқушылардың экологиялық бизнес-жобасы» атты аудандық байқау өтті.
Бұл білім бәсекесінде оқушылар «Экоөнімдер», «Ауыл шаруашылығына арналған экологиялық технологиялар» (ауылдың мәдениетін дамыту, ауыл өнеркәсібін дамыту, ауыл экономикасын көтеру, ауыл шаруашылығы саласын жандандыру), «Инновациялық экологиялық бизнес-идеялар» (табиғи ресурстарды үнемдеу мақсатында энергияның балама көздерін іздеу, интернет технологиялары т.б. аталымдар бойынша өз жұмыстарын қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша А.Құсайынов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Елтай Нұрдаулет (мұғалімі Е.Құбайтов) «Желден энергия алу» жобасымен үздік деп танылып, облыстық кезеңге жолданды.
Найля НАРБОЛОВА,
аудандық білім беру бөлімінің әдіскері
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер