27.04.2016, 18:37
Оқылды: 19

Бөкей ордасы ауданында термеші М.Орашеваның шығармашылық кеші өтті

Bokei irashevanin keshi    Ғарифолла Құрманғалиевтің соңғы шәкірттерінің бірі, жерлес жыршы, термеші, әнші Мейрамгүл Орашева шығармашылығының 30 жылдығына арналған гастрольдік сапарын киелі Бөкей ордасы топырағынан бастады.


    Ұзақ жолға әншінің шашбауын көтеріп шыққан сапарластары Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Мақсат Тілепберген мен әйгілі әнші-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мейрамгүлдің туған апасы Қаламқас Орашеваның өнерлес құрбысы, жырау Набат Ойнарова аудандық Мәдениет үйіндегі творчестволық сайқындықтармен кездесу кешінде дәстүрлі әндер мен терме, толғаулар орындалып, мөлдірете жауһар-жыр оқылды.  Әрі сахна төрінде қара домбыраның шанағынан күмбірлі күй де төгілді.

  Аудан басшысы Нұрлан Сағынтайұлы алыстан ат терлетіп келген сыйлы меймандарға ұсынған рухани тәрбиелік концерттік бағдарламасы үшін ел атынан рахмет айтып, Мейрамгүл Қожахметқызына «Алғыс хат» табыстады.

www.zhaikpress.kz

Г.БАДЕЛОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале