28.03.2016, 18:05
Оқылды: 20

Оралда сұлулық салонында алған екпеден кейін 39 жастағы әйел көз жұмды

ayel    Бүгін Орал қаласындағы «Звезда Востока» сұлулық салонында алған екпеден кейін 1977 жылғы әйел көз жұмды.


    БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, әйелдің екі беті көгеріп кетіп, аяқ астынан өзін жайсыз сезінгеннен кейін сағат 12.25-те жедел жәрдем шақыртылған. Алайда 5 минуттан кейін жедел жәрдем бригадасы келгенше, әйел жан тапсырған. Дәрігерлер жансақтау шараларын жасағанымен, ол еш нәтиже берген жоқ.

    Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале