22.12.2015, 21:25
Оқылды: 20

Шыңғырлауда шырша шамы жағылды

  Shingirlauda shirsha shami       Шыңғырлау ауданы орталығында  жаңажылдық шырша орнатылып, 21 желтоқсан күні шырша шамы жағылды.

Шыңғырлау аудандық балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебінің  алдындағы  сәні келіскен әсем шыршаны тамашалауға бұл күні барлық мекеме, ұйым ұжымдарымен мектеп оқушылары және  жастар келді.


  Аудан әкімі  Алдияр Халелов  келе жатқан мешін жылымен құттықтап, шыршаның шамын жақты. Аудан басшысы тарих қойнауына кеткелі  тұрған жылдың  жетістіктерін айта келе, келер жыл баршамызға жаңа табыстар, жаңа биіктер  әкелсін деген ізгі тілегін жолдады.

Шыршаны айнала би билеп, ән салған жұртшылыққа Аяз Ата мен Қарша қыз  да  қосылып, мерекені  жалғастырды.

- Енді, міне шыңғырлаулықтар қалаған уақытында осы жерге келіп,  сауық-сайран құрып, Жаңа жылды да осы жерде қарсылауына мүмкіндік бар, -дейді мәдениет саласының қызметкерлері. Иә, есік қаққалы тұрған жылымыз берекелі де мерекелі болсын!

www.zhaikpress.kz

                       Айсұлу Амангелдіқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале