22.07.2016, 12:47
Оқылды: 19

Қоғам қауіпсіздігі – басты назарда

13690718_1219325958100861_3527870119977440079_nБатыс Қазақстан облыстық мәслиатының сессияның кезекті сессиясында қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.


Күн тәртібіндегі негізгі мәселе жөнінде баяндама жасаған БҚО Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы М.Ғабдуллин жасалған қылмыстардың жалпы саны өскенмен, ауыр және аса ауыр қылмыстар санының азайғандығын тілге тиек етті.

Облыс көлеміндегі қылмыстық ауалдың жай-күйінен басқа жергілікті полиция қызметінің материалдық-теникалық жабдықталуы, полиция қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесінің шешілуі жолында атқарушы билік органдарының ықпалы жөнінде де айтылды.

Сонымен қатар күн тәртібіне малдәрігерлік қызметке және жолаушы тасымалын ұйымдастыру мәселелері де қойылды.

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале