19.05.2015, 18:07
Оқылды: 135

Қырдың қызыл сиыры да Жаңақалаға жетті

Janakala kirdin kizil syiri jetti    Алыстағы ауыл тұрғындарының асыл тұқымды мал өсірулеріне мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар арқасында жаңақалалық  шаруалар бүгінге дейін қазақтың ақбас сиырын, абердин ангус тұқымын және алыс шетелден герефорд малын лизингпен алып, болашағы мол іске қадам басқаны облыс жұртшылығына аян еткенбіз.

Енді міне асыл тұқымды Зеңгі баба түлігінің тағы бір түрі –қырдық қызыл сиыры да Жаңақала жеріне аяқ басты.

Бұл асыл тұқымды сиыр тұқымын ауданымызда көптен бері сүт өнімдерін өндірумен айналысатын «Шамұрат» шаруа қожалығы (жетекшісі Темірлан Шамұратов)алып келді. Қожалық «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 51 бас 15-22 айлық қашарларды құны 10 600 мың теңге болатын «Жаңақала-несие» кредиттік серіктестігі нің лизингімен алып отыр.

Бұл асылтұқымды мал Ресейдің Волгоград облысындағы Суровкин ауданындағы асылтұқымды зауыт колхоздан алыныпты. Алғандағы орташа салмағы 300 кг.

Асылдың аты-асыл. Күні ертең бұл қожалық сүт өнімдерін өндіру ісін жақсарта бастары анық. Оның үстіне «Шамұрат» шаруа қожалығы осы 51 бас сүтті мал тұқымы арқылы ауылшаруашылық техникаларын 50 пайыз жеңілдікпен пайдалана алады.

Жалпы Т.Шамұратов қожалығы 2002 жылдан бері қымыз, сүт, айран, қаймақ, ірімшік, құртпен қамтып отырған аудандағы бірден-бір шаруашылық.

www.zhaikpress.kz

Өмірзақ АҚБАСОВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале