27.04.2024, 20:06
Оқылды: 39

БҚИТУ ұжымы "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосты

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде бастау алған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы да белсенді үлес қосуда. Бүгін оқу орнының студенттері өздері тұратын жатақханалардың аумағын қыстан қалған қоқыс-қалдықтан тазалады.

IMG-20240427-WA0111

"Көп біріксе, күш" демекші, жалындаған жастар қолдарына кетпен, күрек алып, көтеріңкі көңіл-күймен айналаны мұнтаздай қылып жинап шықты. Отырғыштарды сырлап, жиектастарды әктеп, гүлсауыттарды әрледі. Аталмыш акцияның қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға, студент-жастарды туған өлке табиғатын аялауға шақырып, отансүйгіштікке тәрбиелеуге қосар үлесі орасан зор.

IMG-20240427-WA0110

Өйткені туған жерге құрмет - қоршаған ортаға деген жанашырлықтан бастау алады. Экологиялық акция мамыр айының соңына дейін жалғасады. Мәселен, БҚИТУ жастары алдағы аптада акция ауқымын кеңейтіп, саябақтар мен гүлзарларға көшет отырғызу, гүл егу жұмыстарына атсалыспақ.

#TazaQazaqstan

#ТазаҚазақстан

БҚИТУ баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале