Кеше Орал қаласында облыстық филармонияда «Әже - ұлт ұйытқысы, тәрбие бесігі» тақырыбында «Аялы әже» Батыс Қазақстан облысының әжелер форумы өтті.
Біздің форумға Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Даму басқармасының басшылары, «Әжелер алқасының» және облыстық Ардагерлер Кеңесінің мүшелері, эстафетаны қабылдауға Атырау облысынан келген делегация мүшелері қатысты.
Бірінші келген қонақтарды таныстырып және «Әжелер алқасының» алдында тұрған міндеттер мен, биылғы жылға жасалатын жұмыстар туралы Батыс Қазақстан облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Қабышұлы Берген сөз сөйледі.
2024 жылы Батыс Қазақстан облысы әжелерінің атқарған іс-шаралар туралы осы әжелер ұйымдарының ұйымдастырушысы Мағзомова Надия есеп берді.
«Аялы әже» мүсін таңбасын Атырау облысының делегация басшысы, облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшы – Әбілхайыров Мәлік Мақсотұлына Батыс Қазақстан облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Қабышұлы Берген тапсырды.
Мүсінді қабылдап алған Атырау облысының ардагерлер Кеңесінің жауапты хатшысы сөз сөйлеп форумның жоғарғы деңгейде өткеніне алғыс айтты.
Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық Даму басқармасының орынбасары Шукеева Гүлжанар сөз сөйлеп Атыраулықтарға табыс тіледі.
Халықтың «Ару аналар», «Асыл әже», «Ағалар әуені» вокалдық топтары форумда тамаша әндер орындады.
Мақсот Берген,
БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы