19.04.2024, 20:00
Оқылды: 17

5517 әскери бөлімінің әйелдер қауымы 200-ден астам адамға түскі ас ұйымдастырды

Қазіргі таңда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында жағдай күрделі. Сол себепті бүгінде бұл облыстарда су тасқынына төтеп беру мақсатында төтенше жағдай қызметкерлерімен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан сарбаздары мен еріктілерде қызмет етіп жатыр.

IMG-20240419-WA0027

Атап өтер жайт, бөгет тұрғызу, тұрғындарды эвакуациялау, эвакуацияланған аймақтарды күзету жұмыстарымен айналысып жүрген 200-ден астам ұландықтарға 5517 әскери бөлімінің әйелдер қауымы түскі ас ұйымдастырып көмек қолдарын созған болатын. Су тасқынына қарсы іс-шараларға белсе қатысып жүрген ұландықтар үшін ұйымдастырылған түскі ас барысында жас сарбаздарға ыстық тамақ пен қоса бауырсақтар мен тәттілер таратылды.

IMG-20240419-WA0028

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік

қолбасшылығының баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале