17.12.2019, 21:04
Оқылды: 760

"Алтын домбыраны" Рүстем Қайыртай алды

Орал қаласында «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы аяқталды.

IMG-20191217-WA0043-800x534
"Алтын домбыраны" алматылық ақын Рүстем Қайыртайұлына бұйырып, 4 миллион теңгені иеленді.

IMG-20191217-WA0065-800x534
Бірінші жүлдені Мұхтар Ниязов
алып, оған 2 миллион теңге берілді. Екінші орынға Жансая Мусина (Орал) мен  Қазірет Бердіхан (Алматы) қол жеткізіп, 1 миллион теңге ақшалай сыйлық алды. Үшінші тұғырдан көрінген Айбек Қалиев (Қостанай), Өміржан Көпбосынов (Қарағанды) 700 мың теңгеден олжалады.

IMG-20191217-WA0063-800x534
Арнайы жүлде (350 мың) Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан), Қанат Мырзахан (Алматы), Аспанбек Шұғатаевқа (Павлодар) тапсырылды.
Финалға шықпаған ақындар шабыттандыру сыйлығын (250 мың) алды. Шығыс Қазақстан облысынан келген айтыс өнерінің ірі қолдаушысы, "Tass Group" компаниясының директоры Дулат Тастекеев қарағандылық Дидар Хамиевке ат мінгізді. Оралдық Бауыржан Ширмединұлына бір жылдық 2 миллион 400 мың теңге стипендия тағайындады. Атымтай жомарт азамат айтысты ұйымдастырушы, ақын Бауыржан Халиоллаға да бір қылқұйрықты атады.

IMG-20191217-WA0051-800x534
Ақындар айтыста Тәуелсіздік тақырыбы мен қазақ тілінің тұғырына көтеріле алмай отырғанын жырлады. Елдегі педофилияға қатысты келеңсіз жайттарды тілге тиек етті. Батыс Қазақстан облысының экономикалық ахуалы көтерілді. Жол-көлік оқиғасынан адам өлімі көбейгені, Жайық өзенінің экологиялық жағдайы, Орал қаласында спорт кешендерін көбейту керектігі де айтылды.

Нұртай Текебаев

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz

IMG-20191217-WA0061-800x534 IMG-20191217-WA0068-800x534 IMG-20191217-WA0062-800x534 IMG-20191217-WA0060-800x534 IMG-20191217-WA0029-800x534 IMG-20191217-WA0036-800x534 IMG-20191217-WA0047-800x534 IMG-20191217-WA0067-800x534

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале