Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Фото: DRSQazaqstan
2 дүркін әлем чемпионы 51 келідегі Алуа Балқыбекова Азиададағы алғашқы жекпе-жегінде Үндістан өкілі, Астанадағы Әлем Кубогының жеңімпазы Сакши Чаудхаримен жұдырықтасты. 3-раунд бойы тартысты өткен айқас 3:2 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді.
Енді отандасымыз ширек финалда Жапония боксшысымен күш сынасады.