6.10.2023, 11:30
Оқылды: 57

Автожолдар мен көшелерді қысқы кезеңге дайындау: жергілікті атқарушы органдарға өзекті міндет

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен селекторлық кеңес барысында жергілікті жолдардың қысқа дайындығы талқыланды. 

жп жол (1)

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин министрлік пен әкімдіктер әзірлеген іс-қимыл жоспарын баяндады.

Қазақстандағы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекендер көшелерінің жалпы ұзындығы 131 мың шақырымды құрайды, оның 70 мың шақырымы облыстық және аудандық жолдар.

Биыл жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 76 млрд теңге бөлінді. 270 арнайы коммуналдық мекеме тартылды. Арнайы техниканың 9,6 мың бірлігі мен 22 мың жол қызметкерін жұмылдыру көзделген.

Қыс мезгілінде қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін 13 мың тонна жанар-жағармай және 332 мың тонна көктайғаққа қарсы материалдар әзірленді. Атап айтқанда, 51 мың тонна тұз, 141 мың тонна құм, 139 мың тонна ұнтақ, 804 тонна реагент, 2,3 мың тонна бензин, сондай-ақ 10,3 мың тонна дизель отыны.

ҚР КМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасының айтуынша, облыстар мен Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері ІІМ және ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен келісілген Жол карталарын бекітті. Қазіргі уақытта өңірлерде осы бағыттағы жұмыстар күшейтілген.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қажетті қаражатты қарастыра отырып, автомобиль жолдарын дайындауға бақылауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді. Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктеріне қолайсыз күн райы жағдайларында көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету бойынша аумақтық бөлімшелер мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының нақты алгоритмін белгілеу тапсырылды.

primeminister.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале