14.11.2022, 15:30
Оқылды: 26

Балықты заңсыз аулағандар 15 тәулікке қамалуы мүмкін

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев балық шаруашылығындағы проблемаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

221114112505472e-e1668404215790

Оның айтуынша, заңсыз балық аулау фактілері жиі кездесіп жатады. Бұл мәселені шешу үшін тиісті қадамдар жасалуы керек. Осы орайда браконьерлермен күресу үшін қаражат жеткіліксіз бөлініп жатыр. «Браконьерлікті төмендету мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің әзірленіп жатқан жобасы аясында жауапкершілікті күшейтуді ұсынамыз (ҚР Парламентінің Мәжілісіне 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын енгізілмек). Бұл тұрғыда балықты тыйым салынған құралдармен аулағыны үшін айыппұлды 20-дан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту және 1 жыл ішінде қайталап заң бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу ескеріліп отыр», — деді Серікқали Брекешев.

Jasqazaq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале