3.09.2021, 17:37
Оқылды: 423

БҚАТУ індетті жеңуге атсалысуда

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Менің қауіпсіздігім – қоғамның қауіпсіздігі» атты акция өткізілді.

фото вак

Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – студенттерді, университет ұжымын салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, денсаулықтың маңыздылығын ұғындыру. Оған қоса коронавирус індетіне қарсы вакцина алудың мәнін түсіндіріп, қарқынын жеделдету.

Университет ауласында ұйымдастырылған шарада университеттің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов алғы сөз сөйлеп, оқу жылының басталуымен құттықтады.

– Бүгінгі шарада екпе ала отырып, қоғамның қауіпсіздігін ойлаған әріптестерімізге, студенттерімізге университет тарапынан түрлі жеңілдіктер ұсынып, жалпы қоғамды жаппай екпе алу арқылы короновирус індетін жеңуге шақырып отырмыз, - деген оқу ордасының басшысы Асқар Мырзахметұлы пандемия кезінде ауызбіршілік танытқан ұжымның ұйымшылдығын атап өтті. Енді осы індетті ауыздықтаудың бірден-бір жолы – вакцина салдырту екенін де жасырмады.

Акция аясында алғаш вакцина алған 150 студенттің оқу төлемдеріне 5 пайыз жеңілдік тағайындалды. Оған қоса вакцина алған профессор-оқытушылар, қызметкерлер құрамынан – 504, білім алушылардан – 705 адам арасында ұтыс ойындары оздырылып, түрлі бағалы бұйымдар мен жолдамалар ойнатылды. І курс студенттері арасында университет асханасынан бір ай тегін тамақтануға және жаттығу залына жолдама ұтқандар да бар. Жалпы 18 демеушіден 140 сыйлық ұсынылып, екпе алған оқытушылар мен студенттерді ынталандыру іс-шараларына университет түлектері мен демеушілер қолдау көрсетті.

 

БҚАТУ медиа-орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале