26.07.2019, 10:29
Оқылды: 152

БҚО әкімі облыс тұрғындарын тазалық акциясына қатысуға шақырды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өзінің facebook парақшасында облыс тұрғындарын "Таза жағалау" акциясына қатысуға шақырды. 

67438788_1394247994049334_4775223177464774656_n

- Облысымыздың табиғаты өте әдемі, ал өңіріміз еліміздегі экологиялық жағынан таза аймақтардың бірі екені баршаға мәлім. Туған өлкеміздің осындай жақсы күйде болуы өзімізге байланысты.
Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған #Birge #TazaQazaqstan республикалық экологиялық акциясын қолдау мақсатында өңіріміздің барлық тұрғындарын сенбі күні, 27 шілдеде, өтетін тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын.

67146902_1394248770715923_677979790472380416_n

Шара аясында Жайық, Сарыөзен мен Қараөзен, Шаған, Деркөл, Елек, Шыңғырлау, Шалқар, Еділсор көлдерінің жағалауларын тұрмыстық және басқа да қоқыстардан тазартылады. Бұл игі шараларымыз апта сайын тұрақты түрде өткізілетін болады.

67303937_1394248750715925_737508466691670016_n

Біздің ортақ міндетіміз – туған өлкеміздің сұлулығын таза сақтау, азаматтардың бойында өз ауласын, көшесін, ауылын, қаласын таза ұстауға шақыру, жастардың бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Табиғат – біздің туған және ортақ үйіміз, ол жайлы да таза тұруы шарт. Сондықтан экологиялық тазарту жұмыстарына қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға бірге атсалысып, табиғатымызды аялайық! Тек жұмылып еңбектенсек қана біз туған өлкемізді көркейте аламыз! - делінген өңір басшысының әлеуметтік желідегі парақшасында.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале