23.06.2021, 21:05
Оқылды: 199

БҚО әкімінің бірінші орынбасары ҚР ҚК Бас штабының аумақтық қорғаныс департаментінің бастығымен кездесті

Батыс Қазақстан облысына ҚР Қарулы Күштері Бас штабының аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы, полковник Ризат Колпашев жұмыс сапарымен келді.

IMG-20210623-WA0058

Сапардың негізгі мақсаты облыста аумақтық қорғаныс бойынша іс-шаралардың өткізілуімен таныстыру болды.

Облыс әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеев пен Бас штабтың аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы Р. Колпашевтің кездесуі өтті.

IMG-20210623-WA0054

Кездесу барысында облыстағы аумақтық қорғанысты жетілдіру мәселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Кездесу өңірдегі аумақтық қорғанысты дамытудың нақты жоспарларын қараумен жалғасты.

IMG-20210623-WA0057

IMG-20210623-WA0053

IMG-20210623-WA0051

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале