29.01.2020, 13:02
Оқылды: 407

БҚО-да аудан әкімдерінің қорытынды есептік кездесуі басталды

Алғашқы есепті Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин беріп, оған облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

janaqala esep 2020 (22)

2018 жылы 38 шаруа қожалық асыл тұқымды мал өсірумен айналысса, қазір Жаңақала ауданында 46 шаруа қожалық асыл тұқымды мал өсіруде.

-Ауданның шаруа қожалықтарына 2019 жылы 800 млн. теңгеден астам жеңілдетілген несие беріліп, 900 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.

janaqala esep 2020 (1)

Мемлекеттік қолдау нәтижесінде шаруа қожалықтары 1500-ге жуық шетелдік және отандық селекциялық асыл тұқымды ірі қара малды сатып алды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы инвестиция көлемі 990,0 млн.теңгеге жетті, деді аудан әкімі.

janaqala esep 2020 (18)

Ауданда жер телімін пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарға қатысты нақты жұмыстар атқарылуда. Мониторинг нәтижесінде тиімсіз пайдаланып жатқан 28,7 мың га. жер телімі анықталған. 26,8 мың га. жер телімін пайдаланушыға бір жыл мерзімге ескерту беріліп, 6,2 мың га. жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

janaqala esep 2020 (19)

Қайтарылған жер телімдері конкурс арқылы шаруа қожалықтарына жалға берілуде.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале