Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Фото: Қазақстанның бокс федерациясы
Отандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Айбек жартылай финалда үндістандық Нарендермен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бокстан финалдық жекпе-жектер 2 қазанда өтеді.