Бұл газет 1888 жылы Омскіде шыға бастаған алғашқы қазақ газеттірінің бірі. «Уалаят» сөзі «өлке» деген ұғымды білдіреді. Яғни, «Далалы өлке» деген мағына береді.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығының ресми органы болған «Дала уалаяты» газеті Омбы, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарына таралады. Газет қазақ және орыс тілінде шығарылып тұрған.
Газетте өлкеге байланысты патша әкімшілігінің нұсқаулары, жергілікті өкіметтің өлкені басқарудағы бұйрықтары, қаулылары тағы басқа да ресми құжаттар жарияланып отырды.
Ал газеттің ресми емес бөлігінде қазақ ауыз әдеиетінің үлгілері, аңыздар, ертегілер, шешендік сөздер, түрлі тілден аудармалар жарияланып отырған.
Сондай-ақ газетте қазақ тілінің мәселелері, ауыз әдебиеті туралы, орыс ғалымдарының зерттеулері, қазақ халқының этнография, тарих, тұрмыс мәдениеті жөніндегі еңбектерден үзінділер келтірілген.
Қорыта айтқанда, «Дала уалаяты» газеті 1888-1905 жылдары патша тұсында еркін шыққан ұлт газеті ретінде баспасөз тарихында алғашқы газеттердің бірі ретінде саналады.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz