26.11.2022, 10:33
Оқылды: 81

Ел Президентін ұлықтау рәсімінде болдым

Ел Президентін ұлықтау рәсіміне қатысқан  «Amanat» партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сакен Ищанов тарихи сәт туралы былай дейді:

WhatsApp Image 2022-11-26 at 10.07.29

-Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев салтанатты түрде халық алдында ант берді. Ел Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу мүмкіндігіне болып, салтанатты жиынның ортасынан табылып отырмын. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарын айқындайтын, халықтың әл-ауқатын арттыратын міндеттер көзделді. Күні кеше Парламенттің қос палатасы мен Үкімет Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы міндеттерді талқылап, тиісті тапсырмалар берілді. Мен кешегі коронавирус індеті белең алған уақытта, ел тәуелсіздігіне нұқсан келтірген «Қаңтар оқиғасында», Қостанайдағы алап өрт кезінде, Арыстағы жарылыс уақытында, жалпы алғанда ел басына күн туған тұста халқымен бірге болған Ел басшысына сенім артамын! Алдағы жеті жыл мерзім ішінде айтарлықтай өзгеріс болады деген сенімдемін!

Пікірді дайындаған: Асылбек Нәсіпқалиұлы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале