19.11.2021, 15:10
Оқылды: 192

Елімізде 8,6 млн.-нан астам адам коронавирус вакцинасын салдырды

Қазақстанда 8,6 млн.-нан астам адам коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

211119091119240a3864268i
«19 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 604 577 адам, II компонентін 7 908 380 адам салдырды», делінген хабарламада. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 1 015 141 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 967 790 адам екінші компонентін салдырған. Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 1 014 166 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 951 704 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 903 559 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 856 014 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале