18.02.2022, 18:35
Оқылды: 270

«Еңбекқорлық, біліктілік идеологиясын бірлесе жүзеге асыруымыз қажет»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17 ақпанда Ұлттық арнаға мемлекеттік тілде берген сұқбатын ден қойып елмен бірге тыңдадық. Сұқбат барысында Президентке халықты мазалап жүрген көптеген сұрақтар ашық қойылып, нақты жауаптар алынды.  

13726320-B3C0-4482-9F82-380821B30070

Солардың ішінде қаңтар айында орын алған қасіретті оқиғаларға баға беру, сол оқиғаның сабақ болар тұстары, қазақстандықтардың наразылығын туғызған астарлы жайттар, кадрлар мәселесі, еліміздің болашағы сынды тақырыптар қамтылды.

     «Қаңтар қасіреті» жайлы Қасым-Жомарт Кемелұлы:

– Бұл елдігімізге, мемлекеттік тұтастығымызға, халқымыздың қауіпсіздігіне қарсы жасалған әрекет, – деген өзінің жеке пікірін айта кетіп, басында бейбіт шеруге шыққандарға неше түрлі қылмыскерлер мен лаңкестер қосылып, соңы қақтығысқа ұласқанына тоқтады. Халық наразылығының астарында өткір әлеуметтік жағдайлар жатқанына назар аударған Мемлекет басшысы қолға алынған реформалардың әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, ел экономикасының дамуын жеделдету сынды бағыттарды атап өтті.

Білім саласының қызметкерлері болғандықтан, бізге Президентіміздің қоғамға білімі жоғары, парасатты адамдардың қажеттігі жөнінде айтқан сөздері ой салды. Расымен де, еңбекқорлық, біліктілік идеологиясын бірлесе жүзеге асыруымыз қажет. Қазақтың дана ойшылы хакім Абайдың сөздерін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы өз сұқбатын «Талап, еңбек, терең ой, қанағат және рахым. Бұл қағида бізге осы заманда ауадай қажет» деп қорытындылады.

        Менің ойымша, сұқбатта айтылған мәселелердің барлығы біздің ұжым үшін де маңызды. Жоғары оқу орны – жастардың біліммен қатар бойларына патриоттық тәрбие сіңіретін білім ордасы. Біздің түлектеріміздің арасынан да жаңа Қазақстанды құруға атсалысатын кәсіби білікті мамандар шығарына сеніміміз зор.

    Айжамал Айдаралиева,

Жәңгір хан атындағы

аграрлық-техникалық университетінің доценті, э.ғ.к.  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале