13.11.2026, 12:15
Оқылды: 1

Германияда Қазақстан киносы күндері өтті

Берлинде Қазақстан киносы күндері өтті. Бағдарлама аясында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» және «Жерұйық» көркем фильмдері көрсетілді.

9d15ea19de44ebe5824fa27e9e388cb8f5cd81203202b3491c7d91e6eae8f82f_1280x720

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов құттықтау сөз сөйледі.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілімі алдында режиссер Рүстем Әбдірашев туындыға арқау болған тарихи оқиғаларға тоқталып, фильмнің түсірілу ерекшеліктері мен сол оқиғалардың экранда қалай бейнеленгені туралы әңгімеледі.

Көрсетілімдерге жергілікті тұрғындар, студенттер, неміс кинорежиссерлері, іскер топ пен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Қазақстан киносы күндері «Жерұйық» көркем фильмінің көрсетілімімен жалғасты. Көрермен адам тағдыры, тарихи сана мен рухани құндылықтар тақырыбын арқау еткен отандық киноның тағы бір туындысымен танысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале