17.08.2026, 19:00
Оқылды: 5

ІІМ тасжолдардағы қате жазылған айыппұлдарға қатысты түсініктеме берді

ІІМ ақпараттық жүйедегі техникалық ақау салдарынан қате рәсімделген нұсқамаларға қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды POLISIA.KZ.

ЖП Полиция (1)

13-14 тамыз аралығында Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде техникалық ақау орын алған. Соның салдарынан орташа жылдамдықты асыру бойынша кейбір бұзушылықтар бір сәттік жылдамдықты асыру ретінде қате рәсімделген. Қазіргі уақытта жауапты мамандар бұл олқылықтың салдарын жою бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Ведомство өкілдері жүргізушілерге ешқайда барудың, полицияға жүгінудің немесе өз құқығын дәлелдеудің қажеті жоқтығын жеткізді. Себебі қате жазылған барлық нұсқама толықтай анықталып, автоматты түрде жойылады.

Бұл мәселе тек аталған техникалық ақаудың кесірінен қате рәсімделген айыппұлдарға ғана қатысты екені атап өтілді. Ал мұндай айыппұлдарды төлеп үлгерген жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр. Жағдай толық бақылауда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале