Индонезия Сыртқы істер министрлігінің шешіміне сәйкес 2026 жылғы шілдеден бастап Қазақстан азаматтары Индонезия Республикасына 30 күнге дейін визасыз кіре алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: massaget.kz
Визасыз кіру режимін енгізу туралы шешім қабылдау кезінде Индонезия тарапы өзара түсіністік қағидатын басшылыққа алған. Бұған дейін Қазақстан Индонезия азаматтарына Қазақстанға визасыз кіру және ел аумағында 30 күнге дейін болу құқығын берген болатын. Осылайша, екі ел азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз кіру және елде болу режимі қолданылады.