26.11.2022, 21:55
Оқылды: 106

Ислам үмітті ақтады

Болгарияда батуттық гимнастикадан әлем чемпионаты өтуде. Аталған байрақты бәсекеде ел намысын 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ислам Қабдолов қорғауда.
Биыл 13-14 жасар спортшылар арасында бақ сынаған Жайықтың ерке ұлы Ислам көп жанкүйердің үмітін ақтап, күміс жүлдегер атанды.

2da2c78c0ed2700a4a12c99dc1e10b52_XL

Әлемнің әр түкпірінен жиылған кіл мықтымен күш сынасуға мүмкіндік алған Ислам намысты қолдан бермеуге тырысты. Жарыс ережесіне сай үздік отыз спортшы арасынан іріктелген сегіз мықты жүлде таласын жалғастыруға мүмкіндік алды.

FB_IMG_1669480488296

Аталған сегіздікке Ислам сегізінші болып енді. Ақыр соңында ол сегіздіктің төртеуі қалды. Оған да соңғы болып енген Ислам Қабдолов шешуші сәтте жинақылық танытып, осы кезге дейін алдын орап келген АҚШ пен бір Ұлыбританиялық қарсыласын қапы қалдырып, екінші орынға табан тіреді.

1638161819_islam

-Бұл әлем чемпионаты ұлым үшін қиын болды. Үйде отырып тақым қыстық. Баламның жеңісі барша қазақ еліне ортақ. Қуаныштымын,-деді ақжолтай хабарды естіп, құтты болсын айта хабарласқанымызда Исламның әкесі Есенгелді Айсағалиев.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале