24.09.2026, 10:30
Оқылды: 47

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын қарау бойынша цифрлық платформа пилоттық режимде іске қосылды

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың жолданымдарын беру және қарау үшін пилоттық режимде FinOtinish цифрлық платформасын іске қосты. Платформа қаржы ұйымдарының тұтынушылармен өзара іс-қимылын жетілдіруге және адаліс-қимыл мен жауаптыкредиттеуқағидаттарындамытуғабағытталған.

bfee8a8dca1551fc967061493b0c218a57a9a662b45c630c16ec4d0a9fd99649_1280x720

FinOtinish тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылдың бірыңғай цифрлық арнасын ұсынады. Платформа арқылы жолданымды жіберіп, оның мәртебесі мен қаралу мерзімін қадағалауға болады. Келіп түскен жолданым автоматты түрде тиісті қаржы ұйымына жіберіледі. Егер мәселе реттелмесе, жолданым банк омбудсманына оның құзыреті шеңберінде берілуі мүмкін.

«Біз орын алған бұзушылықтарға ден қоюдан олардың алдын алуға баса назар аударамыз. Жолданымның ашық өтуі – бұл  азамат үшін қолайлы жағдай ғана емес, сонымен қатар өнімдер мен қаржы ұйымдарының клиенттермен өзара іс-қимыл процестеріндегі жүйелі проблемалар туралы ерте белгілердің негізі. Мұндай арнаны құру бойынша бастама қаржы нарығының өзінен туындағаны маңызды: бұл қатысушылардың клиенттік жолданымдармен жұмыс істеуге қатынасының өзгергенін көрсетеді», – деп атап өтті Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов.

Бастапқы кезеңде FinOtinish платформасы пилоттық режимде төрт банктің қатысуымен іске қосылады – «Фридом Банк Қазақстан» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Alatau City Bank» АҚ. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша басқа банктерді кезең-кезеңімен қосу және платформаның тұтынушылар үшін қолжетімділігін кеңейту жоспарлануда.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін платформаны пайдалану ерікті және тегін болып табылады. Бұл ретте тұтынушылардың Агенттікке «e-Otinish» жүйесі арқылы, банк омбудсманына немесе сотқа жүгіну құқықтары толық көлемде сақталады.

Платформа қалыптастыратын жолданымдар бойынша иесіздендірілген талдауды бұдан әрі Агенттік іс-қимылды қадағалау шеңберінде пайдаланатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале