13.11.2026, 9:00
Оқылды: 12

Қазақстан 2050 жылға қарай атом энергетикасының қуатын үш есеге арттыру жөніндегі жаһандық бастаманы қолдайтынын растады

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында Франция павильонында «Declaration to Triple Nuclear Energy by 2050» атты іс-шара өтті. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жазды.

10a2e28b2a47ccc49ebdc728e2adedc35634198568afa540fd7a035c7eb1ec90_1280x720

Іс-шара 2050 жылға қарай әлемдік атом энергетикасының қуатын үш есеге арттыру жөніндегі халықаралық бастаманы іске асыруға арналды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров қатысып, атом энергетикасын дамытудағы Қазақстанның рөлі және энергетикалық көшудің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәлімдеме жасады.

Өз сөзінде Министр Қазақстанның 2024 жылғы қарашада Бакуде өткен COP29 конференциясы аясында 2050 жылға қарай әлемдік атом энергетикасының қуатын үш есеге арттыру туралы декларацияға қосылғанын атап өтті. Бұл бастама елдің ұзақ мерзімді климаттық басымдықтарына, оның ішінде 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және жаңартылған ұлттық үлес (NDC 3.0) шеңберінде парниктік газдар шығарындыларын қысқарту мақсаттарына сәйкес келеді.

Ә. Қуантыров атом энергетикасы жаңартылатын энергия көздерімен, энергия тиімділігін арттырумен және инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар, сенімді төмен көміртекті энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге және экономиканы декарбонизациялауға елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.

Қазақстанның әлемдік атом саласындағы негізгі қатысушылардың бірі ретіндегі әлеуетіне ерекше назар аударылды. 2009 жылдан бері еліміз әлемдегі ең ірі уран өндіруші мәртебесін сақтап келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша уран өндіру көлемі шамамен 25,8 мың тоннаны құрап, әлемдік өндірістің 40%-ға жуығына сәйкес келді.

Қазақстан 2027 жылы алғашқы атом электр станциясының құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале