Республика бойынша тұмауға қарсы 2 136 575 адам вакцина алды. Бұл - жалпы халықтың 11,3 пайызы. Аталған деректі ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Биыл бюджет қаражатына Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2,3 млн дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында биылғы маусымда өзекті болып отырған вирустарға қарсы штамдар бар. Вакцина жалпы республика халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша халықтың кемінде 10%-ын қамту қажет», - деді Марал Рақымжанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Министрлік өкілінің айтуынша, осал топқа жататын азаматтарға тұмауға қарсы вакцина тегін салынады.
«Медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және жетім, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, сонымен қатар балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін вакцина тегін. Одан бөлек, бұл санатқа медицина қызметкерлері де кіреді. Тұмауға қарсы вакцинация қазан айында басталды. Республика бойынша 2 136 575 адам тұмауға қарсы вакцина алды. Бұл - жалпы халықтың 11,3%», - дейді ол.
Сондай-ақ, маман вакцинадан кейін асқыну жағдайының тіркелмегенін тілге тиек етті.
Айта кетсек, тұмауға қарсы вакцина алғандардың 468 579 немесе 22 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 1 667 772 не болмаса 78 пайызы ересектер.
Бұған дейін хабарлағанымыздай елімізде қазан айынан бастап 1 млн 27 мың адам ЖРВИ жұқтырған.
12:1523.12.2022
Солтүстік Қазақстанда шошқа тұмауы тіркелді
15:4622.11.2022
Коронавирус қайта күшейді, Pfizer вакцинасы халықтың барлық санатына қолжетімді болады – Ажар Ғиният
9:009.11.2022
Ақтөбеде суық тиіп ауырғандар саны екі есе көбейді
17:153.11.2022
Елімізде 1,8 млн адам тұмауға қарсы вакцина алды
23.12.2022, 12:15
22.11.2022, 15:46
9.11.2022, 9:00
3.11.2022, 17:15