19.09.2024, 12:30
Оқылды: 58

Қазақстанда 35,8 млн тонна жем дайындалды

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жемшөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

6FF21888-3DAA-48B0-AE89-B28DE1C4A70A

Сурет: freepik.com

Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жемшөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Осы жылы өңірлердің деректері бойынша жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,4 млн гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 314 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 16%–. құрады (2023 жылы-13%).

24,5 млн.тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн тонна), пішен – 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, концкорм – 5,5 млн тонна және сүрлем – 2,0 млн тонна дайындау жоспарланған.

18 қыркүйектегі жағдай бойынша 29,8 млн тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардың 81,1%, 1,8 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардың 106,1%, 1,4 млн тонна жем, 1 млн тоннадан астам сүрлем және 1,8 млн тонна сабан дайындалды.

Ұлытау облысында 545,0 мың тонна шөп немесе бір жарым жылдық жоспардың 66,7%, 0,5 мың тонна жем дайындалды.

Жалпы Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале