17.12.2024, 20:00
Оқылды: 136

Қазақстанда ителгі азайып барады

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ителгі санының азаюы мәселесін көтерді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

4ddc4a52-6e2d-4834-aae9-42aa973abf09Фото: Уикипедия
Ғалымдардың бағалауынша, соңғы онжылдықтарда Қазақстандағы ең ірі сұңқар өте сирек кездесетін түрге айналған, ал кейбір аймақтарда түбегейлі жойылып кеткен. Бұл құстың Қазақстандағы санын анықтауға қатысты кең ауқымды зерттеулердің болмауы – мемлекеттің табиғатты қорғау және қалпына келтіру шаралары бойынша ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік бермейді, – деді министр бүгінгі Үкімет отырысында.
Осыған байланысты, министрлік ителгінің қазіргі санын зерттеу және оны қоршаған ортаға жіберудің тиімділігін бағалау үшін 2025-2027 жылдарға арналған екі ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлеген. Қазір Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысында осы бағдарламалардың қаралуы күтілуде.

Сұңқар популяциясын тиімді қалпына келтіру үшін жек-дуадақ үлгісінде сұңқар өсіру орталығын құру қажет. Қазіргі уақытта біз бұл мәселені халықаралық серіктестермен бірлесіп қарастырудамыз, – деді Экология министрі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале