15.02.2023, 16:46
Оқылды: 839

Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толды

Биыл Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толды. Осы айтулы күнге орай Ауған соғысы құрбандарын еске алуға арналған жиынға облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, интернационалист-жауынгерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, студенттер мен оқушылар қатысты. Олар Жеңіс алаңындағы Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Жиынға қатысушылар жат жерде опат болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

E5E4A526-65BC-46FF-BD56-3A72476BCE4F• Суреттер БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

– Біздің боздақтарымыз, жерлестеріміз, Ауған соғысының құрбандары мәңгі жадымызда. Әрдайым тәуелсіз еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Бұл іс-шараға жастар қатысуда. Олар – Отан қорғаушылар! Сіздер аға-апаларыңыздан үлгі алыңыздар. Елжанды азамат болып ер жетіңіздер. Біз сіздерге сенеміз, - деді «Ауған соғысының мүгедектері және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Беркінғали Габделов.

Сондай-ақ аталмыш қоғамдық бірлестік пен «БҚО Чернобыль мүгедектері мен ардагерлері» ҚБ мүшесі Сергей Пунгин сөз сөйледі. Ауған соғысының талай отбасыға, ана мен әкеге, балаларға, Отан алдындағы борышын өтеген жастарға үлкен қасірет әкелгенін атап өтті.

7E12AF8E-DF0E-44E2-AB0D-EDBB6BE1F05A

«Өздерінің денсаулығы мен өмірін қиып, интернационалдық борышын орындаған жауынгерлерге мәңгілік тағзым етеміз», - деген ол соғыс ардагерлерінің жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты.  

Он жылға созылған әскери қақтығысқа 22 мың қазақстандық қатысты. Олардың 924-і жат жерде көз жұмды. Батыс Қазақстан облысынан бір мыңнан астам жауынгер қатысып, 27-сі майданда қаза тапты. Бір азамат хабарсыз кетіп, 87-сі мүгедек болып оралды. Қазіргі таңда өңірде 700-ге жуық Ауған соғысының ардагері бар.

DB4F3712-D5E8-4C35-ABED-5FF33DF9A3BD

Бұл күнгі іс-шара «Атамекен» өнер ордасында дөңгелек үстелде жалғасты. Жиынды ашып, жүргізген Беркінғали Серікұлы қоғамдық бірлестіктің мақсаты жастарды патриоттық сезімге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, билікке халықтың мұң-мұқтажын жеткізу деп атап өтті.

Сонымен қатар бірлестіктің ауқымды іс-шараларды әрдайым облыс әкімдігінің қолдауымен өткізетінін айтты. Кеңес әскерінің ауған елінен шығарылғанына 35 жыл толуын атап өтуге дайындықты биылдан бастаймыз деді.

97E07BD8-716E-4C16-BAE5-B8A810C6197E

– Дөңгелек үстелге қатысып отырған құрметті қонақтар, Ауған соғысының ардагерлері – Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар да жауынгер ағаларымыз қандай құрметке де лайық. Өңірімізде Ауғанстандағы соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Оларды қолдау шаралары «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР заңымен реттеледі. Елімізде Ауған соғысы ардагерлерінің 100-ден астам ұйымы бар. Беркінғали Серікұлы төрағалық ететін «Ауған соғысының мүгедектері және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігі белсенді жұмыс істеп келеді. Алдағы жылы Кеңес әскерінің Ауған елінен шығарылғанына 35 жыл толады. Осы айтулы күнге арналған іс-шаралар жоспарын биылдан бастап дайындауымыз керек. Жоспарға әскери-патриоттық, спорттық, мәдени және басқа да бұқаралық іс-шаралар енгізіледі. Сондықтан жиынға қатысып отырған барлық басқарма басшыларына өз құзіреті шегінде тиісті жұмысты ұйымдастыруды тапсырамын, - деді Бақытжан Хаберұлы.

E730497B-8EAD-486B-B93B-8DF6823165EB

Дөңгелек үстелде БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Руслан Әміржанов, «Ауған соғысының мүгедектері және ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Анатолий Боровский, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Болат Рамазанов сөз сөйледі.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген отансүйгіш жастарды тәрбиелеу жұмысын күшейту қажет екенін атап өтіп, аталық ақ батасын берді.

0F2E4FF3-093F-4E8F-B4F9-2F3C7B6EAC89

Орал қалалық №10 орта мектептің 8-сынып оқушысы, «Жас тілші» үйірмесінің тәрбиеленушісі Ақнұр Байғалиева мен №47 орта мектептің 8-сынып оқушысы Нұрайым Серік өлең оқыды.

Іс-шара соңында Ауған соғысының жауынгерлері – Мұрат Айдарханов, Нұрболат Кенжеғалиев, Көпбол Битілеуов, Мирболат Жанғалиев, Мағрипа Жұмағалиева, Рафаэль Шайхиевтер облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің және БҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының алғысхаттарымен марапатталды.

C65FE881-39A3-4C02-8702-CCF86DD43353

322A329F-3D6C-4B06-A883-0E1AA45B476C

D703F0E7-AA94-4143-B3D8-9732C8A367C7
7F815223-1132-4CE8-9D8B-1975E0542360
13989D69-01E4-41F2-8507-5F154F6771E0

E0688A3C-4285-45B0-8C79-6B4558F8CC4C
D49E21CD-8D26-4CA3-A66A-708388635559

901BA926-EE44-4F47-B2A1-8D8440CC4187

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале