18.09.2021, 8:54
Оқылды: 118

Кинофестиваль қорытындыланды

17 қыркүйек күні екі күн бойы қала тұрғындарын сүйікті әртістерімен қауыштырып, әлемнің түкпір-түкпірінде түсірілген қысқаметражды және деректі фильмдермен таныстырған “JaiyqFilmFest”кинофестивалі қорытындыланды.

C9FDD174-5632-4BA2-B626-EBC1BE488689

Фестивальдың жабылу салтанаты Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өтті.

Қазылар алқасы «CINEMAPARK» кинотеатрында 100-ден астам фильмнің ішінен іріктелген 31 фильмді тамашалап, бағалады. Фильмдер киносүйер қауымға ерекше әсер сыйлап, бір серпілтіп тастады.

CE2B9C6D-FEAD-422D-A91D-D008252085C0

Байқау нәтижесінде тәжік режиссері Манзарали Шералидің «Обуза» фильмі фестиваль жеңімпазы атанып, «ҮЗДІК ФИЛЬМ» аталымын иеленді. Аламанға «Анвар» фильмін қосқан Шохжахон Субхонов (Өзбекстан) «ҮЗДІК РЕЖИССЕР» атанды. Ал, «ҮЗДІК СЦЕНАРИЙ» Әйгерім Құлмұхаметованың (Қазақстан) «Құдаша қыз» фильміне тиесілі болды. «ЕҢ ҮЗДІК ЕР АДАМ БЕЙНЕСІ» Анастасия Буковскаяның (Украина) «Бульмастифінде» басты рольді сомдаған Евгений Ламахқа бұйырса, «ЕҢ ҮЗДІК ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІНЕ» фестивальдың үздік фильмі«Обузадағы» Саодат Сафарова лайық деп танылды.«Бульмастиф» фильмінің қоюшы-режиссері Ольга Злобина «ҮЗДІК ҚОЮШЫ-СУРЕТШІ ЖҰМЫСЫ» аталымын, Мария Чернийдің (Грузия, Россия, Украина) «Ормо» фильмінің операторы Алиса Тареличова «ҮЗДІК ОПЕРАТОРЛЫҚ ЖҰМЫС» аталымын иеленді. Сергей Батаевтың (Россия) «Бойцовская рыбка» фильмі «КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ», Гүлнара Айтмаматованың (Қырғызстан) «Тайғақ жол» фильмі «ЕҢ ҮЗДІК ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ» атанды.

F5CFED90-0B9A-46D2-A168-D0BF14F76F00

Ал, жергілікті режиссер Аманат Ырзағалиев «Нағашымның әңгімесі» фильмімен «ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ АРНАЙЫ ЖҮЛДЕСІН» иеленуі – біз үшін фестивальдың басты жаңалығы болды. Іс-шара соңында байқау қонақтары мен қала тұрғындары «ҮЗДІК ФИЛЬМ» атанған тәжік режиссері Манзарали Шералидің «Обузасын» тамашалады.

 Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале