8.05.2022, 11:08
Оқылды: 199

Қошқарбаев пен Булатовтың Рейхстагқа Ту тіккенін растайтын құжаттар жеткізілді

Қазақстан Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан алынған құжаттармен толықты.

D1E39AC6-96A5-4658-BF58-1779305F4CD3

Ведомство әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім еткендей, мұны құжаттанушы, сарапшы Ақмарал Баталова тапсырды.

B524F2B8-A8F3-4EE0-97B8-2F2ADC2CD71F

E4DA48FB-59A3-4ACF-B208-22A43C6398D0

«Бұл мұрағаттық құжаттар 1945 жылдың 30 сәуірінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстаг қасбетіне Жауынгерлік Туды тігу туралы ерлігін растайды. Құжаттардың өскелең ұрпақты Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерлігі мысалында әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеуде маңызы зор», - делінген хабарламада.

F5D9A5C9-0E29-4820-924A-D0B16B4B2893

66E7C95D-2AE3-456C-9BF7-77937EE21566

14B23074-1C2C-4D69-BE5F-3141F61B4440
Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале