17.12.2019, 15:41
Оқылды: 615

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов өңірдегі мәдениет саласының қызметкерлері және ардагерлерімен кездесті. Облыс әкімдігінің Нұр-Сұлтан залында өткен аталмыш басқосуды өңір басшысының орынбасары Серік Егізбаев жүргізді.

20191217_153514
- Мәдениет, өнер саласында толғандыратын мәселелер жоқ дей алмаймыз. ҚР-ның Мәдениет туралы заңға өзгерістер енгізу қажет. Сондай-ақ кітапханаларға қолдау қажет. Балалар әдебиетіне қатысты кітаптар шығару керек. Тарихи-мәдени мұраларды түгелдеу де маңызды. Министрлікте бұл орайда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің алда тұрған басты мақсатымыз келесі жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын кең көлемде атап өту. Республика бойынша 500-ге жуық шара өткізу жоспарланды. Аудан, ауыл болсын, кез келген мекеме мемлекеттен бөлінетін қаржыға қарамай, өз деңгейлерінде тойлауы қажет. Өйткені біз Абаймен мақтанатын халықпыз. Сондай-ақ Алтын орданың 750 жылдығы, Әль-Фараби бабамыздың мерейтойы бар. Бұл шараларды тойлау арқылы рухани мұрамызға үлес қосамыз. Мәдениет пен спорт саласында туындаған кез келген мәселе бойынша сіздердің пікірлеріңізге құлақ асуға дайынбыз. Министрліктің жанынан ашылған сайт, әлеуметтік желілер бар. Ұсыныстарыңызды жіберулеріңізге болады. ҚР Тәуелсіздік күні құтты болсын,-деді вице-министр.
Содан соң мәдениет, өнер, тарих саласының бірқатар қызметкері ұсыныстарын айтты. Өңірімізге танымал тарихшы Жаңабек Жақсығалиев "Жайық қалашығын" аспан асты музейге айналдыру үшін, музей ісінің ардагері Сара Танабаева Бөкей ордасы ауданындағы музейге туристерді тартатындай деңгейге жеткізу үшін мемлекеттен қолдау қажеттігін айтты.

Гүлсезім Бияшева
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале