3.12.2021, 16:20
Оқылды: 304

«Қызыл Айдың» қамқорлығы

Бүгін Орал қаласында «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдастықтың мүмкіндіктерін кеңейту және Батыс Қазақстандағы тұрақтылықты арттыру» жобасы аясында арнайы семинар өтті.

AB8D112B-44EB-426F-B1BF-8D56C0796CE3

Аталған басқосуға «Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамы» қоғамдық бірлестігі Ұлттық комитетінің мүшесі, аталған жобаның үйлестірушісі Нұрлан Панзабеков, аталған қоғамның өңірдегі филиал жетекшісі Светлана Тенишева, Тасқала ауданы әкімдігі мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары және ІІ Шежін, Амангелді ауылдық округтерінің өкілдері қатысты.

2DF428DC-D6E6-4BF4-A4D4-59E009B3AEBC

- Еліміздегі бұл жоба италияндық «Қызыл крест» қоғамының қолдауымен жүзеге асуда. Аталған жобаның басты мақсаты - тұрғындарды төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі тиімді әрекет етуге, қиындыққа тап болған жандарға көмектесуге үйрету және оларға жағдай жасау болып табылады. Италияндық әріптестеріміздің жобасын жүзеге асыруға Тасқала ауданының орталығы және сол аудандағы Амангелді, ІІ Шежін ауылдары таңдалды. Көктемгі су тасқыны кезінде суға кету қаупі бар бұл ауылдарды облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған болатын. Енді бұл ауылдарда қоғамдық негізде төтенше жағдайлардың алдын алумен шұғылданатын арнайы комиссиялар құрылатын болады. Олар төтенше жағдайлар кезіндегі әрекетке оқытылады, қандай қауіп бар екенін, қиын жағдайлардан қалай шығу керектігі туралы жоспарлар жасайды. Комиссия мүшелерінің әрқайсысына белгілі бір жұмыстар бекітіліп беріледі. Егер төтенше жағдай орын ала қалса осы адамдар тұрғындарға алғашқы көмек көрсетеді. Біз оларды қажетті құрал жабдықпен толықтай қамтитын боламыз. Алдағы уақытта осындай арнайы құрамдар мектептерден де құруды жоспарлап отырмыз, - дейді Нұрлан Көпболсынұлы.

«Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы жетекшісі Светлана Тенишева мен шараға қатысушылар аталған семинардың ауылдық жерлердегі адамдарға өте пайдалы екендігін және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету туралы мол мағұлмат алғандықтарын атап өтті.

FF518158-D5C0-4542-AA27-7F1E11054C8A

69B2EE95-B212-478F-863A-176B1819C54E
F1427BAA-D84F-4BF0-9241-B04FC88DDFA2
Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале