5.01.2020, 15:47
Оқылды: 101

МӘМС: Мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан айының соңғы күндері бірнеше заңға қол қойды. Оның бәрі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Президент қол қойған заң жобаларына тоқталып өтсек.

mams

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсан күні "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заңға қол қойды. Бұл заң жобасында еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде қолданылатын параметрлер қайта қаралды. Бұл төлемді орташа есеппен 30 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасының негізгі ережелері: медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін куәландыру және белгілеу негізінде еңбекке қабілеттілігін жоғалту коэффициентін айқындаудың жаңа тетігін енгізу; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысу өтілінің қол жеткізілген коэффициентін жыл сайын арттыру; асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеген кезде асырауындағылар санының қолданыстағы коэффициентін арттыру; жұмыстан айырылу себептеріне қарамастан 6 айға дейінгі мерзімге жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау арқылы жұмыстан айырылу.

Мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейді. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін, ал қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін өздері төлейді. Одан бөлек, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале