Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты ел аумағында қаралы күн жарияланып отыр.

Фото: tengrinews
Мемлекет басшысының тиісті өкіміне сәйкес, 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленді.