БҚО қоғамдық даму басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде отбасы институтын нығайтуға және адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Бұл ауқымды жоба некенің оң имиджін қалыптастыруды, бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігін арттыруды және қарттарға деген қамқорлықты кеңінен насихаттап, үлгілі қазақстандық отбасының моделін көрсетуді мақсат етеді.

Биылғы байқаудың облыстық кезеңіне қала және аудан әкімдіктері тарапынан 19 отбасының құжаты ұсынылып, арнайы комиссияның қарауына жолданды. Іріктеу жұмыстарының қорытындысы бойынша ереже талаптарына толық сай келген 13 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды. Комиссияның шешіміне сәйкес, үздік деп танылған жеңімпаз отбасы алдағы уақытта республикалық кезеңде облыс намысын қорғайтын болады.
