26.10.2023, 16:45
Оқылды: 59

NIS мұғалімдері Жәнібек мектебінде тәжірибемен бөлісті

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әдістемелік командасы Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы мектеп ұжымына табан тіреді.

ee7b45de-fa3f-490e-b2ed-38a38f8362ca

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясындағы жүздесу Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің «Bookcrossing» шеңберінде жәнібектік ұстаздарға 100-ден астам кітаптарды сыйға тартуымен басталды.

67fe689d-dccf-44a4-96c3-227769c23fc7

Тәжірибе тарату күні физика, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, биология пәндерінен және бастауыш сынып, психология, IT бағытындағы ашық сабақтармен жалғасты. Кітапхана ісі бойынша семинар да болды.

– Ашық сабақтармен қоса ғылыми жоба, эссе жазу алгоритмі, ата-аналарға арналған ашық тәрбие сағаты секілді іс-шараларға қатысып, сындарлы кері байланыс бердік. Тайыр Жароков мектебіндегі әріптестерімізбен келесі қадамдарды нақтыладық. Алдағы уақытқа жоспарды бірлесе құрдық. Коучинг сессиялары кезіндегі талқылауларда әріптестердің тәжірибелерінде кездескен қиындықтары мен проблемалары бойынша жауап іздеулерінен ерекше белсенділік танылды. Білім саласындағы өзгеріске бейім, ынталы әріптестерімізбен бірлескен жұмыс жалғасын табады, – дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жансәуле Мақсотова.

NIS мұғалімдері Жәнібектің мұражайымен, сондай-ақ оқушылардың жетістіктері көрсетілген көрмемен танысты. Ауданның тарихи-өлкетану мұражайы мен елдегі қастерлі орындарын көру мүмкіндігіне ие болды.

Осы уақытта аталған ауданның «Жәнібек» спорт клубында ата-аналар арасындағы волейболдан аудандық ашық турнир өтіп жатты.

Білім-инновация лицейі, Т.Жароков атындағы орта мектебі, №1 мектеп-лицейі, А.Оразбаева атындағы мектебімен қоса Назарбаев Зияткерлік мектебінің ата-аналар командасы да қатысты. Нәтижесінде NIS ата-аналары ІІІ орынға ие болды.

Ал мектебіміздегі Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ринат Нұрадинов «Үздік байланыстырушы» аталымына лайық деп танылды.

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік

мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале