5.02.2025, 21:00
Оқылды: 98

Орал гарнизонының прокуроры сарбаздармен кездесті

Орал гарнизонының прокуроры, әділет подполковнигі Марат Бутумбаев ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілерімен кездесіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әскери тәртіпті нығайту мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізді.

000dd783-51ad-41f9-9a42-b13a6802b464

Кездесу барысында прокурор Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде әскери қызметшілерге қатысты баптарға тоқталып, олардың құқықтық жауапкершілігі туралы егжей-тегжейлі түсіндірме жасады. Ол әскери тәртіп пен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, кез келген құқық бұзушылықтың салдары ауыр болатынын ескертті.

Марат Бутумбаев әскери қызметтің жоғары жауапкершілікті талап ететінін, жеке сарбаздың тәртібі мен заңға сай әрекет етуі бүкіл әскери бөлімнің беделіне әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ, ол әскери ортада әлімжеттік, құқықбұзушылық немесе өзге де теріс әрекеттерге жол бермеу қажеттігін ескертіп, заң аясында әрекет етуге шақырды.

Мұндай кездесулер сарбаздардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, әскери тәртіп пен заңдылықты сақтауға ықпал етеді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале