БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстарды толық аяқтамаған бірнеше әкім мен басқарма басшылары сөгіс, ескрету алды.
Атап айтсақ, Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов қала маңындағы қорғаныс бекетін толық аяқтамағыны үшін сөгіс алды.
Қаратөбе ауданында Қалдығайты өзенінің жағасындағы бөгеттер бекітіліп, нығайтылмаған, су бұру каналы жөнделмегені себепті аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөгіс алды.
Ал басқарма басшылары ескерту алды.
-Қаратаөбе және Орал қаласының әкіміне сөгіс, ал облыстық табиғи ресурстарды пайдалану және реттеу басқармасының басшысына ескерту жариялаймын,- деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.
Белгілі болғанындай БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстарға жүрдім-бардым қараған басшылар бар болып шықты. Бұл туралы БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов айтты.
Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ауылының су бұру каналын тереңдету және ұлғайту жұмысы мен қорғаныс бекетін нығайту, биіктету жұмысы толықтай орындалған жоқ. Орал қаласында өзендердің жағалауларында тұрғызылып жатқан қорғаныс бекеттерінің жұмысы өте баяу жүргізілуде. "Орал- Гараж" кооперативі мен "Жас натуралистер" аудандарында жұмыс әлі басталмады. Тасқала ауданында инженерлік жұмыстар дұрыс жоспарланбаған. Володарка ауылындағы қорғаныс бекетінің жұмысы әлі аяқталған жоқ,- деді БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
Ал, БҚО ТЖД мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін конкурсты әлі өткізбеген, мердігер анықталмаған. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұл жұмыстарды ақпан айының ортасына дейін аяқтауды тапсырды.
Жанат Көшкінбай,