23.11.2026, 16:45
Оқылды: 14

Орал қаласында ауылшаруашылық өндірушілер жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Орал қаласында кезекті ауылшаруашылық өндірушілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

c918e7c7-2dbb-4afe-82a0-1b16e4b14fa2

Жәрмеңке барысында тұрғындарға ет және ет өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылды.

Жәрмеңкеге ет өнімдері Бәйтерек, Теректі, Сырым, Казталов, Ақжайық аудандарының шаруа қожалықтарымен әкелінді, сондай-ақ, 40 - тан астам тауар өндіруші қатысты. Атап айтқанда, сиыр және жылқы еті 3 100 теңгеден/кг, қой еті 3 300 теңгеден/кг сатылды. Жәрмеңке нәтижесінде жалпы көлемі 20 тонна ет өнімдері өткізілді. Сонымен қатар, қала тұрғындарына құс етін (тауық, үйрек, қаз), және киік етін сатып алу мүмкіндігі берілді.

a8a30c5a-9fbd-4dd1-ba1f-3a08129c146a

Қала тұрғындарын әсіресе сиыр мен жылқы етінің мол таңдауы ерекше қуантты. Жәрмеңкелер жыл соңына дейін апта сайын 2 локацияда өтетінін еске саламыз: М. Ихсанов көшесінде - сенбі күндері, «Жәңгір хан» СО алдында (Зачаганск кенті) - жексенбі күндері.

БҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале